Ел экономикасын көтеру үшін зекет жинайтын болды
Ел экономикасын көтеру үшін зекет жинайтын болды
7 жыл бұрын 3118 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Алжир билгі  ел экономикасын көтеру үшін бай тұрғындардан зекет алатын болды. Соңғы екі жылда әлемде мұнай бағасының құлдырауынан аталған елде қаржылық дағдарыс басталған еді. Нақтырақ айтқанда, мұнайды сатудан түсетін табыс 2014 жылы 60 млрд доллар болса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 27,5 млрд долларға дейін төмендеген. Осыған байланысты аталған ел билігі бюджет тапшылығын жою үшін амалсыздың күнінен ауқатты тұрғындардан зекет алуды заңдастырмақ. Алжирдің дін және уақып істері жөніндегі министр Мұхаммед Исаның мәлмдеуінше, зекет қаржылық таршылықтан шығуға көмектеседі. Сондай-ақ, ол 2016-2017 жылдары алжирліктер 1,4 млрд динар (14 млн доллар шамасында) зекет жиналғанын жария етті. "Бейбітшілік үшін қозғалыс" деп аталатын аталған елдегі ұйымның жетекшісі Әбдіразақ Мұқры зекетті Алжирдің салық жүйесіне енгізуді ұсынып отыр. 

0 пікір
Мұрағат