Экстермистерді азаматтықтан айырады
Экстермистерді азаматтықтан айырады
4 жыл бұрын 3342 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Беларусия билігі экстремистік әрекеттерге барғандарды немесе «мемлекет мүддесіне ауыр залал келтіргендерді» азаматтық айыратын болады. Бұл жайында islam.kz порталы «Sputnik Беларусь» ақпарат көзіне сілтем жасай отырып мәлім етеді. Азаматтық айыру сот шешімімен немесе лаңкестік әрекетке қатысқанын растайтын халықаралық трибунал үкімі негізінде жүзеге асырылады. Мұндай лаңкестік әрекет аталған елдің қылмыстық кодексінде қарастырылған «жалдамалық», «заңсыз қарулы құрылым құру», «билікті басып алу мақсатындағы ауыз жаласу немесе өзге әрекеттер» секілді қылмыстар санатына жатқызылады. Аталмыш түзету 2021 жылдың маусым айының 18-нен бастап қолданысқа енеді. Бұл түзету Беларусияда азаматтық рәсімнен өткен шетелдіктерге қатысты. Кәмелет жасына толмағандарға, сондай-ақ, беларус азаматтығына туған сәтінен бастап ие болған әрі ешуақытта азаматтықтан шықпаған азаматтарға қатысты емес.

0 пікір
Мұрағат