Екпеден зардап шеккендерге өтемақы беріледі
Екпеден зардап шеккендерге өтемақы беріледі
4 жыл бұрын 2128 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапон мәдениеті сыпайылық пен әдептен бастап ата-баба аманатына адалдығымен өлшенеді, жапон білімі мен ғылымы рационалды жаңалықтарды ашуды ұйғарады, технологияны игеруге саяды, жапон дүниетанымы адамның ақысын жемеуге бастайды. Күншығыс елі бұл жолы да, дәлірегі, пандемиямен күресте де адамға жақсылық жасаудан әлем елдеріне үлгі көрсетіп отыр: аталған арал елде тәжді тажалға қарсы екпе салдарынан денсаулығына зақым келгендерге өтемақы төлеу тетіктері әзірленуде. Бұл жайында islam.kz порталы FNN Prime Online ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етті. Жапония министрлер кабинетінің өкілі мәлімдегендей, шетелдік дәрі-дәрмек өндіретін компаниялар тәжді тажалға қарсы екпені аз уақыт ішінде әзірлегендіктен ел билігінен тұрғындар екпе салдырғаннан кейін олардың денсаулығына зақым келген жағдайда жауапкершілікті өз мойнына алуды талап етіп отыр. Жер-көкті жайлап, жолындағысын жайпаған жұқпалы індеттің бетін тездетіп қайтару ең басты міндет болғандықтан тәжді тажалға қарсы екпені аз уақыттың ішінде әзірлеу үшін жанталасып жатыр. Сол себепті, бұл екпенің тәуекелі жоғары. Күншығыс елі мұндай қадамға бірінші рет барып отырған жоқ: 2009 жылы тұмаудың жаңа қоздырғышына (штаммына) қарсы екпені имопрттаған кезде де осындай шешім қабылдаған болатын.

0 пікір
Мұрағат