|
Экономикасы өркендеген он мұсылман елі
|
Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласындағы ислам экономикасының даму орталығы эконоомикасы дамыған он мұсылман елінің тізімін жариялады. Осы бағытта зерттеу жүргізген мамандар он көрсеткішті негізге алған. Атап айтқанда, халал өнімдердің, ислами қаржының, халал туризмнің, ислам сән үлгілерінің, ислами бұқаралық ақпарат құралдарының, шариғат талаптарына сай дәрі-дәрмек (фармацевтика) мен косметиканың, т.б. даму деңгейлеріне мән берген. Әлемнің 73 елінде жүргізілген (оның 57-сі – Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдер) зерттеу нәтижесі көрсеткендей, төмендегі мына елдер көш бастап тұр:
10. Индонезия.
9. Иордания.
8. Катар. Бұл ел халал тағам, ислами қаржы және шариғатқа сай туризм салалары бойынша осы ондыққа енді.
7. Кувейт.
6. Оман. Бұл елде халал тағам индустриясы жақсы дамыған.
5. Пәкістан. Бұл елдегі тағам түрлері шариғат талаптарына сай болып қана қоймай, сонымен қатар, денсаулыққа пайдалы әрі экологиялық жағынан таза болып келеді.
4. Сауд Арабиясы. Бұл елде халал тағам, фармакология мен косметика және ислами қаржы салалары жақсы дамыған.
3. Бахрейн. Бұл ел әлем бойынша ислами қаржы саласында екінші орынға табан тіреген.
2.Біріккен Араб Әмірліктері. Бұл елмен ислами қаржы, халал тағам және халал туризм салалары бойынша ешбір ел теңдесе алмайды.
1. Малайзия. Барлық көрсеткіш бойынша озық шыққан ел.
Дерек көзі: The National Business