Ең үздік әлеуметтік жарнама белгілі болды (видео)
Ең үздік әлеуметтік жарнама белгілі болды (видео)
8 жыл бұрын 6039

«Таза қала/ел», «Жолдағы қауіпсіздік» және «Суицид проблемасы» секілді көкейкесті тақырыптарда байқау жеңімпаздары анықталды. Кәсіби және әуесқой еңбектердің арасынан үздігі таңдалды. Кәсібилер арасында Алматы қаласының 24 жастағы режиссері Сапар Шәкеевтің әлеуметтік ролигі жүлделі орынға ие болды. Ол өзінің бұл туындысында адамдардың назарын қоршаған орта мен таибғатты аялауға аударуға тырысқан. «Мен сегіз жылдай АҚШ-та тұрдым және онда табиғатқа деген сүйіспеншілік тақырыбы жиі қозғалатын мектебімнен көп нәрсе алдым. Отаныма оралған соң, өкінішке қарай, талай адамның темек тұқылын жерге тастайтынын байқадым. Қоқыс жәшігі жанында болса да. Мен бір ғана әлеуметтік жарнамамен бәрін жат әдеттен арылатамын деп ойламаймын, алайда, бұл – алғашқы қадам»,- деді ол марапаттау шарасында сөйлеген сөзінде.

0 пікір
Мұрағат