Экономикасы мұнайға ең тәуелді аталды
Экономикасы мұнайға ең тәуелді аталды
4 жыл бұрын 2931 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бүкіл әлемдік банк келтірген мәлімет бойынша Кувейт экономикасы мұнай шикізатына тәуелді елдер арасында көш бастаған. Бұл жайында The New Khalij ақпарат көзі хабар таратты. Бүкіл әлемдік банк баяндамасын жариялаған жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарындағы дерекке қарағанда, бүгінгі таңда Кувейт табысының 80 пайыздан астамын мұнай шикізатынан түскен табыс құрап отыр. Бұған қоса, Кувейт әлем бойынша жаһандық жылынудан орын алған климат өзгерісіне қатты ұшырайтын ел болғандықтан бірталай қиындықтармен бетпе-бет келмек. Парсы шығанағы елдері арасында алдымен Кувейт, содан кейін Бахрейн, Біріккен Араб Әмірлігі, Оман, Саудия мен Катар экономикалары пандемиядан қатты зардап шекпек.

Қазақстан экономикасы да мұнай шикізатына тәуелді елдер қатарында. Елдегі мұнай шикізатының қоры шамамен 30 млрд баррелді немесе әлемдік қордың 1,7%-ын құрайды. Өткен жылдың есебі бойынша бұл тізімде Қазақстан 12-ші орыннан көрінген. Таяу Шығыс (соның ішінде Парсы шығанағы елдері), Латын Америкасы, Ресeй мен АҚШ-тан кейінгі орында тұр. Мұнай шикізаты мен газ экспортынан түскен табыс ел бюджетінің 44 пайызын құрап отыр.

0 пікір
Мұрағат