|
Екі өмір, бір тағдыр (видео)
|
Тағдыр тауқыметін бірге көріп келе жатқан Майк пен оның иті Шанстың оқиғасы кімді де болса, елеусіз қалдырмайды. Майк итін жануарларға арналған клиникада жолықтырған. Шансты белгісіз біреулер көлікпен кездейсоқ қағып, жолдың шетіне тастап кетеді. Содан жануар қорғаушылары итке екінші өмір сыйлап, оған "Chance", яғни "мүмкіндік" деген атау берген. Көліктің астына түскеннен кейін оның екі артқы аяғы жансызданып, жүруге әбден қауқарсыз болып қалған. Ал мұны көрген Майк Шансты дереу үйіне алып кетіп, асырап алады.
Екі өмір бір тағдыр. Майк та иті секілді жүріп-тұрудан айырылған. Ол: "Мен Шансқа қараған кезімде, оның не сезінетінін жақсы білемін", − дейді берген сұхбатында.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)