Дүниежүзіндегі ең ұзын шыны көпір ашылды
|
Baq.kz сайтының mir24.tv ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, таратқан хабарына қарағанда, Қытайдың Чунцин қаласының қонақтары енді жерге бұлттардың арасынан қарайтын болады.
Себебі, мұнда әлемдегі ең биік шыны көпір ашылды. Аталған көпір Қытайдың орталығында орналасқан шаһарды кіп-кішкентай етіп көрсетеді екен. Өйткені, оның биіктігі 700 метрді құрайды. Бір қарағанда, шыны көпір таулардың арасында қалқып тұрғандай әсер қалдырады. Жергілікті билік ерекше көпірдің ресми ашылуын 26 сәуірге жоспарлаған болатын. Ал бүгін онда серуендеуге тек тілшілер қауымына рұқсат берілген. Жоба жетекшісі алаңда қойылымдар мен көрсетілімдер ұйымдастыруға болатындығын алға тартады. Бұған дейін «Бұлттағы көпір» Лунган ауданында ашылған болатын. Оның бір шетінен екінші шетіне дейінгі аралық 26,68 метрге тең. Тағы бір шыны көпір 2010 жылы Тбилисидегі Кура өзенінде италиялық Микеле де Луккидің жоспарымен салынды.
Шанхайда метро желісі үйдің ішінен салынуда
Қытайлық мегаполисте метро тұрғызып жатқан құрылысшылар кедергіге тап болды. Себебі, осы жер асты жолы өтуі тиіс жерден тұрғын үй салынған. Бұл жайында nur.kz ақпарат көзі хабар таратты.
Бұл ғимараттың астындағы жер қабаты бір де бір құрылыс салуға жарамайтын болып шығып, үйдің сыртынан да айналып өтуге болмайтын болды. Себебі оның бір жағынан маңызды күре жол өтсе, екінші бүйірінде өзен ағып жатыр.
Енді амалы құрыған жергілікті билік метро желісін сол тұрғызылып қойылған ғимараттың ішімен өткізіп жатыр. Қазір үй ішімен жүріп өтетін метро вибрациясын тұрғындарға еш әсер еткізбеу жөнінен жұмыстар жүріп жатыр.
Шанхай – Қытайдың халқы саны жағынан ең көп қаласы. Шаһарда 25 миллион адам тұрады. Ал осы тұрғызылып жатқан метро – әлемдегі ең ұзын жер асты желісі екен (500 шақырымнан астам), деп жазады newsru.com.