Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өлімге әкелетін, соның ішінде жұмбақ «X ауруы» да кездесетін патогендерді анықтайды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өлімге әкелетін, соның ішінде жұмбақ «X ауруы» да кездесетін патогендерді анықтайды
2 жыл бұрын 1300 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия немесе індет тудыруы мүмкін және мұқият қадағалануы керек қауіпті патогендердің жаңа тізімін әзірлеп жатқанын жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндағы мақсат қатерлі патогендер тізімін жасау арқылы оларға қарсы зерттеулерге, дәрі-дәрмек, соның ішінде екпе жасауға, ем-дом шараларын әзірлеуге инвестиця тартуға саяды. Бұл тарапта Біріккен Ұлттар Ұйымы пандемия тудыруы мүмкін бактериялар мен вирустардың 25-тен аса тобына, сондай-ақ, «Х ауруы» деп аталатын беймәлім қоздырғышқа қатысты деректерді сараптауға әлемнің әр түкпірінен 300-ден астам ғалымын шақырып отыр. Мұндай тізім алғаш рет 2017 жылы жарияланған болатын. Қазіргі уақытта бұл тізімге COVID-19, Эбола вирусы және Марбург вирусы, Ласса безгегі, Таяу Шығыс респираторлық синдромы (MERS) және ауыр жедел респираторлық синдром (SARS), Нипах, Зика және X ауруы кіреді. Жаңартылған тізім 2023 жылдың сәуірінде жарияланады.

0 пікір
Мұрағат