Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Мысырды безгектен азат ел деп таныды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Мысырды безгектен азат ел деп таныды
2 ай бұрын 678 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дүниежүзілік денаулық сақтау ұйымы Мысырды безгектен азат ел ретінде сертификаттады. Бұл жайында islam.kz порталы eadaily.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Хабарламада аталған елдің мұндай жетістікке соңғы 100 жылдағы денсаулық сақтау саласындағы елеулі іс-шараларымен жеткені айтылған. «Мысырдың безгектен азат ел ретіндегі бұл сертификаты шын мәнінде тарихи оқиға және Мысыр халқы мен үкіметінің осы ежелгі індетті жоюға деген ұмтылысының айғағы», - деп ДДҰ-ның баспасөз қызметі ДДҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейюстің сөзін келтірді. Безгектің берілу тізбегі үш жыл ішінде елде үзілген болса, мұндай ел ДДҰ тарапынан аталған аурудан азат ел ретінде танылады. Мысыр Біріккен Араб Әмірлігі мен Мароккодан кейін сертификат алған Шығыс Жерорта теңізі аймағындағы үшінші ел болды. Безгектің ізі Мысыр аумағынан біздің дәуірімізге дейінгі 4000 жылы табылған: жұқпалы індеттің генетикалық дәлелі мумияларды, соның ішінде Тутанхамон мумиясын зерттеу кезінде табылды. Ауру тарататын маса жәндігімен байланысын азайтудың алғашқы шарасы 1920 жылдары үйдің маңында егін өсіруге тыйым салудан басталды (ол кезде халықтың көпшілігі Ніл өзенінің жағалауында тұратын). 1930 жылдары аталған ел аумағында безгекпен күресетін және емдейтін алғашқы станса ашылды

0 пікір
Мұрағат