Дубайда кошерлік дүкен ашылды
|
Дубай қаласында Парсы шығанағы елдерінде алғашқы болып кошерлік азық-түлік дүкені ашылды. Бұл жайында islam.kz порталы Al-Arabiya ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дүкен әл-Уәсл ауданында орналасқан және иврит тілінен аударғанда «анар» деген мағынаны білдіретін «Римон» деп аталады. Оның ашылуына раввин Леби Дұшман қатысты. «Бұл - Бірккен Араб Әмірлігінде еврей қауымдастығы қол жеткізген керемет прогрестің және біз осында ләззат алатын еркіндіктің символы. Енді жыл бойына біз кошер тағамына деген қажеттілігімізді қанағаттандыра аламыз», - деп мәлімдеді ол. «Кошер өнімдері бар дүкен ашу туралы шешім Әмірліктерде тұрақты тұратын немесе аталған елге мерекеге келетін еврейлердің санының өсуі себеп болды. Rimon дүкеніндегі тауарлардың көпшілігі Израилден, Еуропадан немесе АҚШ-тан әкелінеді. Дүкеннің жанында әр жексенбіде еврей қауымына арналған жәрмеңке өткізу жоспарлануда», деді ол артынша.