Дубайда биологиялық кәрілікпен күресетін емхана жұмысын бастайды
Дубайда биологиялық кәрілікпен күресетін емхана жұмысын бастайды
4 жыл бұрын 2609 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

2021 жылдың бас кезінде Дубай қаласында кәріліктің алдын алуға мамандандырылған Aviv Clinics Dubai медициналық клиникасы ашылады. Бұл жайында islam.kz порталы араб ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таяу Шығыс аймағында алғаш рет ашылатын клиникада қартаю процесін тежейтін осы заманғы озық технология қолданылады. Aviv Clinics медициналық бағдарламасын әзірлеуге әлемге әйгілі дәрігер әрі профессор Шай Ефрати мен оның Шамир медицрналық орталығына қарасты нейробиология мектебіндегі әріптестері атсалысқан болатын. Осы тұста сайтымыздың жаңалықтар таспасында осыдан бір ай бұрын шамасында жарық көрген «Тұңғыш рет адамның қартаю процесін тежеудің жолы табылды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/tungysh-ret-adamnyn-qartayu-protsesin-tejeudin-joly-tabyldy-14436/#gsc.tab=0) материалымызда израилдік ғалымдардың гипербарилік оттегі терапиясы туралы жазғанбыз, міне, осы тәсіл аталған клиникада нақты іс жүзіне асырылады. Өздеріңіз білетіндей, Біріккен Араб Әмірлігі Израилмен дипломатиялық, саяси, экономикалық, туристік, денсаулық, білім беру, т.б. салаларда жан-жақты, толыққанды қатынас орнатты. Аз уақыттың ішінде аймақтағы екі ел арасындағы барыс-келіс пен алыс-беріс қарқын алып келеді. Бірігіп технологиялық жетістіктерді игеріп, игілікке жарату мақсатында ашылатын аталған клиникада жасы ұлғайып, егде тартқан қарттар организміндегі тіндерді оттегімен қанықтыру терапиясы жүзеге асырылады.

Ұқсас жаңалықтар: «Кәрілікті тежеудің тағы бір тәсілі табылды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/karilikti-tejeudin-tagy-bir-tasili-tabyldy-14455/#gsc.tab=0), «Кәріліктің тағы бір маркері белгілі болды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/kariliktin-tagy-bir-markeri-belgili-boldy-14450/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат