Дубайда алғашқы ислами криптошоттың пайда болғаны жарияланды
|
Дубай қаласында орналасқан Bybit биржасы шариғат талаптарына сәйкес келетін әлемдегі алғашқы крипто-шотты жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаңа криптографиялық шот инвесторларға екі платформа - DCA және Spot Grid Bot арқылы 75 халал токендерін саудалауға мүмкіндік беретіні түсіндірілді. Bybit мәлімдемесінде жаңа өнімді әзірлеуге ислам құқығы саласында жұмыс істейтін малайзиялық Zico Shariah консалтингтік компанияның атсалысқаны айтылған. Ислам қоғамдастығында әлі күнге дейін криптовалюталарды пайдаланудың рұқсат етілгендігі туралы ортақ пікір жоқ. Осылайша, Индонезия мүфтилер кеңесінің пәтуа комиссиясының жетекшісі Асрорун Ниам Шолех криптовалютаны «белгісіздіктің, тәуекелдің және зиянның жоғары дәрежесіне» байланысты «тыйым салынған инвестиция» деп атады.