Дубай цифрлы көшпенділер қонысына айналды
Дубай цифрлы көшпенділер қонысына айналды
3 жыл бұрын 1308 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Aleksandar Pasaric

Дубай цифрлы көшпенділер саны бойынша әлемде үшінші қала атанды. Бұл жайында islam.kz порталы The National ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Savills консалтингтік компаниясының бұл тарапта арнайы жүргізген Executive Nomad Index зерттеу нәтижесі бойынша Дубайдың алдында Лиссабон (бірінші орында) мен Майами (екінші орында) тұр. Аталмыш рейтингте қашықтан жұмыс істеу санаты бойынша 15 қала қамтылған. Бұл рейтингті түзген кеде интернет жылдамдығы, өмір сапасы, климат, жалдау ақысы, көліктің барлығы, соның ішінде әуе қатынысының болуы секілді маңызды өлшемдер қаперге алынған. Аталмыш зерттеуде айтылғандай, қашықтан жұмыс істеуге көшкен бизнес өкілдерінің дені тұрақты мекені ретінде Дубайды таңдаған. COVID-19 пандемиясы әлемнің барлық елінде қашықтан жұмыс істеу режимін нақты қолданысқа енгізді. Тіпті, бұл бағытта әлмнің кей елдерінде қашықтан жұмыс істеу тәжірибесі арнайы заңдастырылып, құқықтық тетіктері қарастырылған. Мәселен, әмірліктер шетелдік компанияларда жұмыс істейтін цифрлық көшпенділерге бір жылға тұруға рұқсат береді. Барлық виза иелері банктік шот ашуға, телефон нөмірін және интернет байланысын өз атына тіркеуге, сондай-ақ, мектеп пен коммуналдық төлемдерді төлеуге құқылы. Біріккен Араб Әмірліктерінде қашықтан жұмыс істейтін халықаралық компаниялардың қызметкерлері табыс салығын төлемейді

0 пікір
Мұрағат