Доңыз еті Сауд Арабиясына әдейі әкелінді ме әлде кездейсоқтық па?
|
Шариғат талаптары қатаң сақталатын Сауд арабиясының ірі қалаларында, атап айтқанда, ел астанасы – Эр Риядтағы, халқының шоғырлануы мен стратегиялық маңызы жағынан екінші қала саналатын Янбудағы және тарихы тым арыда жатқан Тайып шаһарындағы, сондай-ақ, Бишедеге ірі сауда орындарында доңыз еті сатылып келгені әшкере болды. Бұл жағдай Сауд Арабиясының сауда және өнеркәсіп министрлігінің мамандары тарапынан мұқият жүргізілген тексеру жұмыстарынан кейін белгілі болған. Саудияның тағам өнімдері мен дәрі-дәрмек сапасын қадағалайтын басқарманың қызметкерлері ұлттық стандартқа сай келмейтін доңыз етін елге әкелуге ешбір сауда орындарына рұқсат бермегенін жеткізді. Осыған байланысты алдағы уақытта доңыз етінің елге қалай әкелінгені мұқият тексерілетін болады.