Донорлардың қаны заңсыз сатылып, шекара асып жатыр
Донорлардың қаны заңсыз сатылып, шекара асып жатыр
5 жыл бұрын 2108 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қазіргі уақытта Кенияда өз еркімен донор болған ел тұрғындарының қаны Сомалиге контрабандалық  жолмен сатылғанына байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жайында ВВС Swahili ақпарат көзі Кенияның денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. Бұл бағыттағы тергеудің алдын ала жасалған нұсқасы бойынша бұл қылмыстық іске кениялық үкіметке қарайтын агенттіктің лауазымды тұлғалары шатылған. Дәлірегі, Кенияның ұлттық қан құю қызметіндегі лауазымды тұлғалар тергеуде жатыр. Кенияның денсаулық сақтау министрі Мутахи Кагве Кенияның өзі қан тапшылығын тартып отырған ел екенін мәлімдеді. Бұл ақпарат жергілікті халықтың ашу-ызасын тудыруда. Сөз орайы келгенде мына жайтты айта кетпеске болмайды: соңғы 15 жыл бойы АҚШ тарапы KNBTS бағдарламасын толық қаржыландырып келген болатын. Өткен жылы америкалықтар қаржы бөлген жоқ. Қан қорын сақтау қиындығы бір жағынан қаржының жетіспеушіліге де байланысты болған. Бұдан бөлек, кениялықтар арасында қан доноры болу мәдениеті қалыптаспаған. Өткен жылы африкалық ел 500 мың пакет донорлық қан жинауы керек болған, алайда, бұл межеленген көрсеткіштің тек төрттен бір бөлігін ғана жинай алған еді.

0 пікір
Мұрағат