Жөтелгені үшін таксиден күштеп түсірілген қытай турисінен Мысыр билігі кешірім сұрады (видео)
Жөтелгені үшін таксиден күштеп түсірілген қытай турисінен Мысыр билігі кешірім сұрады (видео)
4 жыл бұрын 1534 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Пирамидалар елінің тәртіп сақшылары індет жұқтырды деген күдіктің жетегінде шетелдік азаматты таксиден күштеп түсірген екі Мысыр азаматына іздеу жариялады. Әлеуметтік желіде жарияланған, таспаға тартып алынған көріністен қым-қуыт көшенің қақ ортасында әбіржіген, қобалжыған қытай азаматын жүргіншілер «короно» деп айғайлап жатқанын байқайсыз. Такси салонында қатты жөтеліп, жолаушылардың үрейін ұшырған қытай азаматын жол ортада тастап кеткен таксишінің өзі дереу тексерілуі үшін емханаға тартқан. Бұл жайында AlBawaba ақпарат көзі хабар таратты. Артынан полиция қытай азаматын ренжіткендерге іздеу жариялады. Ал шетелдік азаматтың өзін салтанатты қабылдауға шақырып, гүл сыйлап, билік атынан кешірім сұрады. Туризм Мысыр еліне Суэц каналынан түсетін табыс мөлшерінен екі есе пайда әкеліп отырған сала. Өткен жылы аталған ел туризмнен 12,6 млрд доллар табыс тапқан болатын. Ал Суэц каналынан өткен жылы 6 млрд доллар табыс тапты. Мысыр билігі туристер қарасын көбейту үшін олардың көңілін табуға, жағдайын жасауға ұмтылады.



0 пікір
Мұрағат