Долларға бәсекелес табылды – доллар үстемдігіне қауіп төнді
Долларға бәсекелес табылды – доллар үстемдігіне қауіп төнді
4 жыл бұрын 6477 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Yuriko Nakao / Globallookpress.com

Биткоин долларды біртіндеп ығыстырып келеді – доллар резервтік валюта мәртебесінен айырылуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы Morgan Stanley америкалық қаржы конгломератының жаһандық стратегі Ручир Шарманың Finance Times халықаралық іскер басылымындағы мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өздеріңіз білесіздер, күллі әлемде тұрғындар арты-ауыс ақшасын әлемдік резервтік валюта - долларға айналдырып сақтауды әдетке айналдырған. Доллар резервтік валюта ретінде, міне, бір ғасырдың жүзі болды, алға шығып келеді. Алайда, доллардың да күні санаулы қалғанын айтып жүр қаржыгерлер мен сарапшылар. Оған негіз де жоқ емес – әлем АҚШ-тың өз міндеттемесі бойынша төлем қабілетіне күмәнмен қарай бастады. Стратег Ручир Шарманың айтуынша, криптовалюта долларды резервтік валюта мәртебесінен айырып, оның орнын алмастыруы мүмкін. Жұқпалы індет пандемиясы кезінде биткоинның бағасы шарықтап кетті. Бұған әр ел қоғамының өздерінің ұлттық валютасына деген сенімі жоғала бастағаны түрткі болған. Биткоинды бүгінде шағын компаниялар халықаралық сауда-саттықта есеп айырысу құралы ретінде пайдалана бастаған. Бұған қоса, адамдардың да цифрлы валютаға деген сенімі артып келеді. Осы тұста қараша айының 30-ы күні биткоинның құны тарихи рекорд орнатып, бірден 19 857,03 долларға дейін шарықтап кеткенін айта кету керек. 2020 жылы криптовалюта 170 пайыздан аса қымбаттаған. Dow Jones есебіне қарағанда, криптовалютаның әлемдік нарықтағы үлесі артып келеді. 

0 пікір
Мұрағат