Дизель отынымен жүруге тыйым салынады
Дизель отынымен жүруге тыйым салынады
7 жыл бұрын 2182 qamshy.kz

Греция, Франция, Мексика және Испания елдерінің астанасында 2025 жылға қарай көліктердің дизелмен жүруіне тыйым салынады, деп «Мой город» порталы хабарлайды. Еуропа елдерінің мұндай шешім қабылдауына, ауаның ластану деңгейінің жоғарылауы түрткі болған. Афина, Париж, Мехико және Мадрид қалаларының мэрлері келесі он жылдықта жеңіл және ауыр жүк машиналарында дизелмен жүруіне тыйым салынады. Бұл экологияны жақсарту үшін қажет. Себебі, дизель отындары – қатты бөлшектер мен азот тотығын бөледі. Ыстың аз мөлшері өкпеге түсіп, жүрек аурулары мен өлімге әкеп соғады. Азот тотығы – тыныс алуды қиындататыны дәлелдегеннен кейін, экологиялық белсенділер ауа тазалығын сақтау ережелерін сақтау үшін, сотқа жүгінді. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, ауаның ластануынан жылына үш миллион адам көз жұмады.

0 пікір
Мұрағат