Діні бөлек елге тәуелді елдің өзі Құрбан айтта үш күн демалыс жариялады
Діні бөлек елге тәуелді елдің өзі Құрбан айтта үш күн демалыс жариялады
1 жыл бұрын 6240 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының субьектісі – Дағыстан билігі қасиетті Құрбан айтты лайықты қарсы алу үшін исі мұсылман қастер тұтатын ұлы күннің қарсаңында үш күнге, дәлірегі, маусым айының 28-і, 29-ы және 30-ы күндерін демалыс күндері ретінде бекітіп, шешім қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өз еркі толық өзінде емес елдің өзі саяси ерік-жігер танытып, батыл қадамға барды. Тиісті қаулыға аталған аймақ үкіметінің жетекшісі Әбдімүслім Әбдімүслімов қол қойды. Әлбетте, РФ заңнамасында діни мерекелерге тыйым салынбаған. «Ар-ождан бостандығы және діни бірлестіктер туралы» 1997 жылдың қыркүйек айының 26-ы күні қабылданған N 125-ФЗ Федералдық заңының 4-бабының 7-тармағына сәйкес және «Дағыстан Республикасының мүфтияты» орталықтандырылған ислам діни ұйымының өтініші бойынша Дағыстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 2023 жылдың маусым айының 28, 29 және 30-ы күүндері жұмыс істемейтін мереке күндері деп жариялансын», деп айтылған қаулыда.

Ұқсас материал:

"Өзбектер Құрбан айтта кем дегенде үш күн демалады әрі жеңілдіктерге ие болады" (https://islam.kz/kk/news/alem/ozbekter-qurban-aitta-kem-degende-ush-kun-demalady-ari-jenildikterge-ie-bolady-18728/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат