"Діни" амнистия болуы мүмкін
|
Өзбекстанның ресми ақпарат көздері жақ ашпаса да ел арасында мемлекет басшысы Шавкат Мирзияевтың кезінде жаза басып, діни экстремизм бойынша сотталғандарға рақымшылық жасауы мүмкін екендігі айтылуда. Бұл қауесеттің қаншалықты рас еендігін алдағы уақытта көре жатармыз. Біздің назарымызды аударғаны: мұндай амнистия қоғамға қауіпті емес? деген сауалдың жауабы қандай болмақ? "Озодлік" ақпарат көзінің тілшісімен сұхбаттасқан бірнеше мұсылман жетекшілерінің айтуынша, ел басшысы Ташкент шәрінің Алмазар ауданында болып, діни ортаның танымал тұлғаларымен кездесіп, экстремистік идеологияның шырмауына түсіп, темір тордың ар жағынан шыққандардың және іздеуде жүргендердің туған-туысқандарына алдағы уақытта болатын рақымшылық жайында жеткізуін сұраған. Десе де парламент депутаттары да, Өзбекстан мұсылмандар діни басқармасының өкілдері де рақымшылықтан хабары жоқ екенін жеткізген.