|
Депутат мешітке үнді пұттарын қоюға шақырды
|
Билік басындағы Бхаратия Жанат ұлттық партиясының атынан парламентке сайланған депутат Йоги Адитьянатх Варанси елді-мекенінде өткен үнділердің аса ірі шарасында сөйлеген сөзінде мешіттерге үнді пұттарын қоюға елді үгіттеп, үндеу тастады. Бұл жайында Zee News ақпарат көзі хабар таратты. «Әлемде Гаури мен Ганеша мешітте қашан болып еді? Өз еркіміз өзімізде болғанда әр мешітке Гаури мен Ганешаны және Нандиді (үнді пұттарының аттары – ред.) қойдырар едік», - деді екілене сөйлеп. Осылай деген ол сөзін ары сабақтап: «Мекке мен Мәдинаға тек мұсылмандарды кіргізеді, алайда, хиндутва уақыты келді – тек Үндістанда ғана емес, бүкіл әлемде», - деп тағы өзеуреді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
«Төртінші дублер» құпиясы
■
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Нобел сыйлығының иегері Омар ойлап тапқан аппарат ауадан тәулігіне 1 тоннаға дейін таза су алуға мүмкіндік береді
■
Қала жобалары қасиетті Меккені «діни диснейлендке» айналдыруы мүмкін (фото)