|
Депутат жазасын өтеп жатқан әйелдердің арасында бала тууға ниеті барларын бостандыққа шығаруды ұсынды
|
Ресей Федерациясының мемлекеттік думасының депутаты Валерий Селезнев бала тапқысы келетін тұтқын әйелдерді мерзімінен бұрын бостандыққа шығаруды ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Ресей либералды-демократиялық партия мүшесі Валерий Селезневтің Telegram әлеуметтік желісіндегі жазбасына жөн сілтеген lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның келтірген дерегіне қарағанда, қазіргі уақытта ресейлік түрмеде 45 мыңға тарта әйел жазасын өтеп жатыр. Олардың көбісі ауыр емес экономикалық қылмыс бойынша айыпталған. Сондай-ақ, олардың дені бала көтеруге қабілетті жастағылар. Мемлекет өз тарапынан осындай мәмілеге бару арқылы елдің демографиялық ахуалын сәл де болса жақсарта алады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)