Денесінде ерекше қалдары бар жеті адам (фото)
Денесінде ерекше қалдары бар жеті адам (фото)
10 жыл бұрын 19112

22 жастағы кәсіби биші Кассандра Науд көзінің астында орналасқан үлкен қалмен дүниеге келді. Бала кезінде ата-аналарынан қалды алып тастауға рұқсат беруін жалынатын бойжеткен қазір қалымен керісінше мақтанатынын айтуда. Биші қалы оны өзгелерден ерекше ететініне сенімді.

Кассандра Науд Канаданың Альберт өлкесінде дүниеге келген. Оның туғаннан пайда болған қалының беті түкке толы.

Кассандраның ата-анасы қыздың бетінен қалды алуды дәрігерлерден сұрағанда, олар бетінде үлкен ойық қалуы мүмкін деген. Ойлай келе, ата-аналары мұндай тәуекелге бармауды шешкен. 

22 жастағы Кассандра медицина дамыған бүгінгі күнде бетіндегі қалды алу жағын өзі шешуге құқылы. Биші бетіндегі қал үшін ота жасатпауға бел буыпты. Және бұған бетінде қалатын ойықтар қаупі емес, қалдың өзін елден ерекшелеуі себеп болған.

Қалы оның Америкада драмалық мектепті бітіріп, достар табуға да кедергі болмаған.

Кассандраның айтуынша, көп қыздар оған “қорқынышты” қалын алдыртып тастауға кеңес берген. Алайда бойжеткен бұл қал оны елдің есінде ұзаққа қалуына септігін тигізеді деп есептейді.

Мектепте оны мазақ етушілер жеткілікті болған. “Түртпектейтіндерге өздеріңді төмендеттірмей, ерекшеліктеріңді мақтан тұтыңдар”, – дейді бойжеткен.

Барлығынан ерекше болсаңыз елге ұқсап бағуға тырысудың қажеті жоқ деп санайды Кассандра.

Қалдар адамдарды өзгелерден айрықша ететіні рас. Алайда кей адамдар қалдарының кесірінен көпшіліктен ерекше болуы соншалық, оларға қоғам үрки қарайды.

Оddee.com шетелдік сайты назарларыңызға қалдары өмірлерін өзгерткен 6 адамның фотосын ұсынады.

1. Қасқыр адам. Чунцина провинциясының Чжан Хонгмин есімді адамы өз ерекшелігі үшін “Шимпанзе” деген лақап атқа ие болды. Денесінің үлкен бөлігін алатын жүн басқан қара қал әлем бойынша адамдардың тек 3 пайызында ғана кездеседі. 

 

2. Клоун қыз. Кішкентай Конни Ллойд дәл мұрнында тұрған қызыл қалы үшін екі жыл бойына мазақтауларға шыдап келді. Кейін дәрігерлер қыздың қызыл қалын алып тастап, бүлдіршін ел қатарлы өмір сүре бастады.

3. Тасбақа бала. Мұндай лақап атты колумбиялық Дидье Монтальво денесінде үлкен болып өскен қалы үшін иеленді. Бұл сырқаттың атауы – пигменттік невус.

6 жыл тоқтамай өскен қал баланың арқасын түгелдей жапқан. Оны сол үшін келекетіп, мектепке жібермеген. Баланың анасы Луз ота жасаттыруға қаражат таба алмай дел-сал болған. Алайда лондондық пластикалық оташы Нил Булстроуд бала жайлы ести салысымен, оған тегін ота жасап берген. Бала енді басқалармен бірдей тыныш өмірден рақат алуда.

4. Сиыр қыз. 6 жастағы бүлдіршін медицина қызметкерлерін біртіндеп сиырға ұқсай бастауымен есеңгіретті. Бірнеше ай бұрын Ли Ксиоянның денесінде тек кішкентай қара қал болатын. Қал тоқтаусыз қыздың денесі мен бетіне жүн басқан күйде өсе бастады.

Дәрігерлер бұл ауытпаушылық тұқым қуалайтын емі жоқ сырқат екендігін айтқан. Қыз бала осы күйінде жүруге мәжбүр.

5. Әзәзіл бала. Дәрігерлер баланың үлкен қалын емдеу үшін маңдайының ішіне имплантация орнатқан. 5 жасар Джордж Ешменге терісін қалдың орнына қаптаттыру үшін дәрігерлер тері созғыш екі құрылғыны салған.

Бала төрт ай бойы мүйізге ұқсас құрылғымен жүруге мәжбүр болған. Айналасындағылар оны кішкентай әзәзіл деп күлкіге айналдырғанымен, бүлдіршін қиындықтарға төтеп беріп, қалынан көп ұзамай толықтай арылған.  

 

6. Алты жасар қытайлық Ан Чи есімді бала бетінің жартысын толықтай жапқан жүнді қалымен дүниеге келді. Қалы шаш тұсын да алмастырғанын байқаған Мин И есімді оташы оған тегін ота жасатуға ұысыныс жасаған.

0 пікір
Мұрағат