ДДСҰ: Әлемде 41 млн бала семіздік зардабын тартуда
|
БҰҰ Балалардың семіздігін жою комитеті осы мәселенің ауқымы және оны шешу жолдары туралы есебін жария етті.
Құжатта аталып өткендей, қазіргі уақытта әлемде 1-5 жас аралығындағы 41 миллион бала артық салмақ және семіздік зардабын шегеді. Бұл есейе келе қант диабетіне және жүрек-қан тамырлары ауруларына әкеліп соғады.
Комиссия мүшелері семіздіктің түрлі себептерін қарастырды. Бұл азық-түлік өндірісіне, жарнамаға және дене қимылы мәдениетіне байланысты. Сарапшылар құрамында майы, тұзы және қанты көп дайындалуы қарапайым әрі арзан азық-түліктің кең насихатталуымен бірге дене қимылының азаюы қосылып жас ұрпаққа қауіп төндіріп тұр деп санайды.
«Балалар арасындағы семіздіктің жаһандық мәселесін шешу үшін дүниежүзіндегі үкіметтер өздеріне саяси міндеттемелер алуы керек», - деді комиссияның тең төрағасы Питер Глакмэн. Оның айтуына қарағанда, ДДСҰ үкіметтермен бірлесіп балалардың семіздігінің себептерін жоятын бірқатар іс-шараларды жүзеге асыру бойынша жұмыс істеуі керек.
Есепті әзірлеген сарапшылар балалар және жасөспірімдердің семіздігі мәселесі барлық елдерде ауқымды қатерге айналған деп мәлімдеуде.
Дамушы елдерде семіздікке шалдыққан балалар саны 26 жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге артқан: 1990 жылы 7, 5 млн - нан 2014 жылдың соңында 15,5 млн - ға жеткен.