Дәрілік өсімдіктердің өзінен қыруар пайда тауып отырған ел
|
Иранның сауда-саттыққа жәрдемдесу жөніндегі ұйымның ресми өкілі Махмұд Базар парсылардың жыл санауы бойынша наурыз айының 21-нен бері, яғни, айналдырған 3 айдың ішінде дәрілік өсімдіктерді сатудан 49 млн доллар пайда тапқандарын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы IRNA ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, аталған мерзім аралығында Ираннан 29 мың дәрілік, сәндік және өнеркәсіптік өсімдік экспортталған. Иран аумағында кеңінен өсірілетін шафран өсімдігінің өзі бұл бағыттағы экспорттың 53%-ын құраған. Ал шай экспорты 4000 тоннаға жетіп, 4 млн доллар табыс әкелген. Бқл көрсеткіш өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 728%-ға артық. Шиғалар елінің емдік және сәндік, сондай-ақ, опа-далап пен өзге де өнеркәсіптік мақсатта қолданылатын мұндай шикізатты негізінен Қытай, Біріккен Араб Әмірлігі, Испания, Пәкістан, Ирак және Германия импорттайды. Осы орайда дәрілік өсімдіктер нарығының жылдан жылға ұлғайып келе жатқанын айта кетпекпіз. Әлем бойынша бұл нарықтағы айналым 2018 жылы алғаш рет 10 млн доллардан асқан.
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.[1]
Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктер
Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады:[2]
- Айыр;
- Алоэ;
- Аралия;
- Арша;
- Асқабақ;
- Ақшайыр;
- Аюқұлақ;
- Бақалақ;
- Бәрпі;
- Валериана;
- Дәрмене;
- Дермене;
- Диоcкорея;
- Долана;
- Жалбыз;
- Жалбызтікен;
- Жалынгүл;
- Женьшень;
- Жерқонақ;
- Жолжелкен;
- Жөке;
- Жуа;
- Жусан;
- Жүгері;
- Итбүлдірген;
- Итжидек;
- Итжүзім;
- Итмұрын;
- Итошаған;
- Көкшегүл;
- Қаражоңышқа;
- Қалақай;
- Қаражидек;
- Қасқыржидек;
- Қырықбуын;
- Қырыққұлақ;
- Қыша;
- Лапыз;
- Ламинария;
- Левзея;
- Меруертгүл;
- Мия;
- Наперстянка;
- Ойраншөп;
- Олеандр;
- Өгейшөп;
- Раувольфия;
- Рауғаш;
- Сарыағаш;
- Секуринега;
- Сенна;
- Скумпия;
- Таңқурай;
- Томағашөп;
- Шай;
- Шайқурай;
- Шалфей;
- Шәңкіш;
- Шөпшай;
- Шытыр;
- Эвкалипт;
- Элеутерококк т.б.
Дереккөздер
- ↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3