|
Даниялық актер ауыз бекіту үшін Түркияға келді
|
Өткен жылы Данияда мұсылмандардың ыстық ықыласына бөленіп, ораза ұстаған актер Расмус Элтон биыл Түркияда ауыз бекітетін болды. Актер Рамазанды Түрік елінде қарсы алып, осы елде шығарып салуды жоспарлапты. Бұл елге келіп 30 күн ораза ұстауға ниеттенген Элтон, мұндағы мұсылмандарды және Исламды жақыннан танығысы келетінін жасырмады. Сонымен қатар, Пәкістандық продюсер әрі режиссер Асыл Иқбал басшылық жасап түсіріліп жатқан Рамазан туралы деректі фильмге Элтон қатысады.
Элтон өзінің бір сөзінде былай дейді: «Оразадан көп нәрсе үйрендім. Тамағы жоқ адамдардың халдерін түсіндім. Ислам туралы, мұсылмандар жайлы көп нәрсе білдім. Осы жылы да көптеген жақсы дүниелерді үйренуге тырысамын».
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйітті жерлеудің тағы бір түрі пайда болды
■
Түркі елінде сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін науқастар саны артып келеді
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Нобел сыйлығының иегері Омар ойлап тапқан аппарат ауадан тәулігіне 1 тоннаға дейін таза су алуға мүмкіндік береді
■
«Төртінші дублер» құпиясы