Дамушы елдердегі әйелдердің жартысы өз денесіне өзі қожа емес – зерттеу
Дамушы елдердегі әйелдердің жартысы өз денесіне өзі қожа емес – зерттеу
4 жыл бұрын 6163 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Дамушы елдердегі әйелдердің жартысынан көбісі «дене дербестігінен» айырылған, яғни, өз денесін қалауына қарай пайдалана алмайды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Біріккен Ұлттар Ұйымының әлем тұрғындары қорының мамандары келтірген дерекке жөн сілтеген knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы зерттеу материалы мен нәтижесі БҰҰ-ның сайтында жарияланған. Аталған қор мамандары әлемнің 57 елінде демографиялық және медициналық зерттеулердің мәліметтерін зерделеген екен. Содан мынадай қорытындыға келген:

-       Қарастырылған елдердегі әйелдердің тек 55%-ы ғана медициналық тексеруден ешкімнің рұқсатынсыз өз бетінше өтіп, контрацепцияны қолдана алады немесе төсек қатынасынан бас тарта алады, яғни, өз бетінше шешім қабылдай алады;

-       Қарастырылған елдердің тек 71%-да ғана ананы қорғау саласындағы қызметтерге кепілдік берілген;

-       Қарастырылған елдердің тек 75%-да ғана жүктілікке қарсы құралға қол жеткізе алады;

-       Қарастырылған елдердің шамамен 80%-да ғана әйелдердің жағдайы ескерілетін заңнама қолданысқа енген;

-       Қарастырылған елдердің шамамен 56%-да ғана төсек қатынасына қатысты білімді қолдайтын шаралар жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, аталмыш баяндамада келтірілген мағлұматтардың бір парасы мынадай:

  • Әлемнің 20 елінде қыз баланың жар таңдау құқығы қатты шектелген, яғни, оны зорлаған немесе қорлаған ерлер қылмыстық жауапкершіліктен жалтарып кете алады;
  • Әлемнің 43 елінде отбасындағы зорлау (төсек қатынасына барғысы келмеген әйелін зорлаған ерлерге жаза қарастырылатын) проблемасын реттейтін заңнама жоқ;
  • Әлемнің 30-дан аса елінде әйелдер үйден аттап басып шыға алмайды, яғни, қоғамдық орындарға өз бетінше шыға алмайды;
  • Мүмкіндігі шектеулі балалар сексуалды зорлық пен қорлыққа үш есе көп ұшырайды, солардың ішінде қыз балалардың қарасы көп.

Өз денесіне өзі қожа емес әйелден көп нәрсе күтуге болмайды. Тіпті, өз денсаулығын, болашағын, өмірін қатерге тігіп, өмір сүріп жатыр. БҰҰ әйелдер құқығын кеңейту бағытында жұмыс істейтін болады.

0 пікір
Мұрағат