|
Бұзақылардың мұсылман әйеліне көрсеткен жәбірі таспаға тартылып қалды (ВИДЕО)
|
Әлеуметтік желілерде Мароккада таспаға тартылып қалған видео жарияланды. Онда бір топ бұзақы көшенің қақ ортасында, тапа тал түсте мұсылман әйелін жәбірлегені көрсетілген. Кадрдан байқалғандай, бұзақылар әйелдің басындағы шариғат шәлісін сыпырып алу үшін оған қоқыс пен су толтырылған шөлмек лақтырған. Бұл видеодағы көрініс өз кезегінде қоғамның ашу-ызасын тудырып, бұзақыларды шариғат негізінде жазалауды талап етіп отыр.