БҰҰ әлем тұрғындарын джинсы сатып алмауға үндеді
БҰҰ әлем тұрғындарын джинсы сатып алмауға үндеді
5 жыл бұрын 3493 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымы джинсының ескісі тозбай тұрып, жаңасын сатып алмауға үндеді. Әлем тұрғындарына. Бұл жайында «БҰҰ жаңалықтары» ақпарат көзі хабар таратты. Мамандардың есебінше, джинсының бір парын әзірлеуге 4 мың литрге тарта су кетеді. Яғни, 111 шақырым қашықтықты артқа тастаған автокөліктен атмосфераға бөлінетін зиянды заттардың қоршаған ортаға келтірген залалымен бірдей салдары. Бұған қоса, оны жуған кезде ауызсуды ластайтын улы заттар мен пластиктің микробөлшектері ауаға тарайды. Белгілі болғандай, суды ластаушылардың 20 пайызын тоқыма өнеркәсібінің қалдықтары құрайды. Бүгінде еріккен байлардың ермегіне айналған әрі қып-қызыл бизнеске айналған сән индустриясы қоршаған ортаға орасан зор зардап шектіруде. Бір ғана аталған салада 300 млн адам жұмыс істейді екен, ал оның жылдық айналымы 1,3 трлн доллардан асып түседі. Статистикалық дерекке қарағанда, жыл сайын киім-кешекке деген сұраныс екі пайызға артып отырады. Орташа есеппен алғанда, адам бір джинсыны шамамен 10 рет киеді. Содан соң қоқысқа тастайды немесе күресінге лақтырады. Киімді барынша ұқыпты пайдаланып, тозбай тұрып қоқысқа тастамауға әрі сирек жууға кеңес беріледі. Кір жууға арналған ұнтақтың орнына концентрацияланған сұйықтықты пайдалануға кеңес берілген. Өйткені, ол талшықты мейлінше аз шаятындығымен тиімді.

0 пікір
Мұрағат