БҰҰ: 2015 жылы босқындар саны 60 миллионға жетеді
БҰҰ: 2015 жылы босқындар саны 60 миллионға жетеді
8 жыл бұрын 2750 ҚазАқпарат

БҰҰ босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасы ағымдағы жылы амалсыз қоныс аударғандардың саны 60 миллионға жететіндігін хабарлады. Бұл рекордтық көрсеткіш. БҰҰ Жоғарғы комиссары Антонио Гутьеррестің мәлімдеуінше, жағдай өте күрделі де өзекті.  Әсіресе, күн сайын Еуропаға келіп жатқан мыңдаған босқындардың (көпшілігі Сириядан) жағдайлары алаңдатарлықтай. Гутьеррес Еуропаны жүз мыңдаған босқындарға байланысты арнайы бағдарлама қабылдауға шақырды. БҰҰ деректері бойынша, 2014 жылдың соңында әлемде амалсыздықтан көшуге мәжбүр болғандпардың саны 59,5 миллионға жеткен.

Еуропаға ағылған босқындар саны 1 миллионға жетті (видeо)

Еуропаға келетін босқын саны 22 желтоқсанға қарай 1 миллион адамнан асуы мүмкін. Бұл туралы Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның баспасөз хатшысы Джоэл Миллман мәлімдеді. Бұдан басқа, 3695 мигрант теңізге кетіп опат болған. 16қазаннан бастап орташа есеппен алғанда, күніне 7 адам ажал құшқан. Босқындар нөпірін ең көп қабылдап жатқан елдердің арасында Грекия мен Италия көш бастап тұр. Бір ғана Грекияның өзіне жыл басынан бері 800 мыңнан астам келімсек табан тіреген. Джоэл Миллман, Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның баспасөз хатшысы: - Грекияға бірнеше күн бұрын 4300 босқын келді. Күннің суығына қарамастан, олардың саны толастар емес. Жақында мигранттар саны 1 миллионнан асу мүмкін. Бұл өткен жылғы мәліметке қарағанда 5 есеге көп.

0 пікір
Мұрағат