40 жыл ішіндe 120 мыңнан аса хафыз дайындаған
40 жыл ішіндe 120 мыңнан аса хафыз дайындаған
8 жыл бұрын 2619

Түркияның дін істеріне жауапты басқарма жанындағы діни білім беру бөлімінің жетекшісі Бирак мәлімдегендей, 1976 жылдан бері есептегенде, осы уақытқа дейін бұл елде 120 мыңнан аса хафыз дайындап шығарған. Бұл жайында «Turkey Post» ақпарат көзі хабар таратты. Сондай-ақ, ол аталмыш басқарма діни білім беру ісінде белсенділік танытып келеді: бүгінгі таңда бұл елде қасиетті Құранды зерделеуге арналған 15 мыңға жуық бағдарлама жүзеге асырылуда. Бұдан бөлек, Түркия аумағында 1300 стационарлық медресе жұмысын жалғастыруда. Бұл діни білім ошақтарында 61 500 шәкірт білім алуда. Олардың 30 мыңы қасиетті Құранды зерделеп зерделеуде. Аталған діни білім беру мекемесінің маманы 1932 жылдан бері Түркияда қасиетті Құранды оқытып үйрететін 19 850 орталық құрылғанын және бұл орталықтарда 40 мың ұстаз сабақ беретінін, сондай-ақ, 150 мың шәкірттің білім алып жатқанын мақтанышпен  жеткізді. 

0 пікір
Мұрағат