Бүгін обырға қарсы күрес күні: Адамзаттың бестен бірі ерте ме, кеш пе, қатерлі ісікке шалдығады
Бүгін обырға қарсы күрес күні: Адамзаттың бестен бірі ерте ме, кеш пе, қатерлі ісікке шалдығады
4 жыл бұрын 2540 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлем тұрғындарының әрбір бесіншісі ерте ме, кеш пе, обыр дертіне шалдығады. Әрбір сегізінші ер адам мен әрбір онбірінші әйел осы аурудан көз жұмады. Бұл жайында islam.kz порталы Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңалықтар орталығы келтірген дерекке жөн сілтеген platon.asia ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметі бойынша өткен жылы (2020 ж.) әлем бойынша 19,3 миллион адам қатерлі ісікке шалдыққан. Бұл кеселден 10 млн адам бақилық болған. Қатерлі ісіктің ең кеңінен тараған түрлері: сүт безі, өкпе, ұлтабар, т.б. ДДСҰ мағлұматына үңілсек, кейінгі кезде жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында обырдан көктей солғандар қарасы артып келеді. Бұған көбінесе экологиялық ахуал, дұрыс тамақтанбау, стресс, т.б. факторлар өз әсерін тигізіп отыр. 

Ұқсас материалдар:

«Қатерлі ісік пандемиясы келе жатыр» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/qaterli-isik-pandemiyasy-kele-jatyr-13137/#gsc.tab=0);

«Қатерлі ісіктің шапшаң өсуінің құпиясы ашылды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isiktin-shapshan-osuinin-qupiyasy-ashyldy-14737/#gsc.tab=0);

«Қатерлі ісікпен күресетін иммунитет жасушасының күш-қуатын қалпына келтіретін әдіс табылды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isikpen-kuresetin-immunitet-jasushasynyn-kush-quatyn-qalpyna-keltiretin-adis-tabyldy-14731/#gsc.tab=0);

«Тері обырына қарсы екпенің тиімділігі 4 жыл сақталды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/teri-obyryna-qarsy-ekpenin-tiimdiligi-4-jyl-saqtaldy-14732/#gsc.tab=0);

«Стресс гормоны қатерлі ісік жасушасын оятады» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/stress-gormony-qaterli-isik-jasushasyn-oyatady-14488/#gsc.tab=0);

«Қатерлі ісік пен паразит арасында байланыс бары анықталды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isik-pen-parazit-arasynda-bailanys-bary-anyqtaldy-14730/#gsc.tab=0);

«Араның уы ең қатерлі ісіктің бетін қайтаратын болып шықты» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/aranyn-uy-en-qaterli-isiktin-betin-qaitaratyn-bolyp-shyqty-14083/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат