Будда нанымындағы әже немересін мұсылман етіп тәрбиеледі
Будда нанымындағы әже немересін мұсылман етіп тәрбиеледі
10 жыл бұрын 3748 Тан Гуан Нео қызымен (сол ждағындағысы) және немересімен (оң жағындағысы)

Малайзияда Тан Гуан Нео есімді будда нанымындағы 70 жастағы әже немересін мұсылман етіп тәрбиелегені үшін жергілікті биліктен сый-сияпат көрді. Ол немересін жөргекте жатқан кезінен бауырына басып, бағып-қақты. Тан Гуан Нео бес қыз өсірді. Олардың үшеуі ислам дінін қабылдаған. Мұсылман қыздарының бірі Фатин Насуха бала тапқаннан кейін психикалық дертке шалдығады. Оның қызын Фахира Нәбілді әжесі төр айлығынан бауырына басады. Бұл жайында «Free Malaysia Today» ақпарат көзі хабар таратты. «Ол өз дінінде қалғанын қаладым»,- деді ол өзін марапаттау шарасында. Ол отбасында сенім айырмашылығын сездірмеуге күш салып, сол арқылы татулыққа сына қағылмауын қадағалады. Немересін медресеге өзі жетелеп апарып, оның намаз оқып, басына шариғат шәлісін жамылып жүруін қадағалады. Биыл жасы 19-ға толған университетте программист мамандығы бойынша білім алып жатыр.  Тан Гуан Неоның 11 мұсылман немересі бар. Маллаки билігі, тек Тан Гуан Неоны ғана марапаттап қоймай, Мели Мұхаммед Дияны есімді 101 жастағы қарияны да марапаттады – 63 жастағы мүмкіндігі шектеулі әрі сөйлей алмайтын ұлын бағып-қағып отырғаны үшін. 

1 пікір
Мұрағат