Будда мүсінінің ішінен адам мумиясы шықты
|
XI-XII ғасырларға тиесілі Будда мүсінінің ішінен Нидерланды ғалымдары адам мумиясын тапты. Бұл жайында nur.kz сайты Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.
Дренте тарихи музейінің қызметкерлері Амерсфорт қаласындағы ауруханамен келісімге келіп, мүсінді тамографиялық зерттеуден өткізген. Нәтижесінде оның ішінде адам мәйітінің сақталғандығы белгілі болды. Ғалым Эрик Брейннің пікірінше, мумия чань мектебінің атақты өкілі Люцюанға тиесілі. Мумияны зерттеген дәрігердің айтуынша, мәйіттің ішіндегі ағзаларының барлығы алынып, орны қоқыспен толтырылған. Тіпті, қытайша жазылған көне қағаздар да табылыпты. Ал, будда ілімінің соңына ергендер болса Люцюан өлген жоқ дегенді айтып отыр. Олардың пікірінше, данышпанның денесі бір күйден екінші күйге өткен көрінеді.