|
Будда елінде тек бірыңғай әйелдерге арналған қоғамдық көлік
|
Шри-Ланканың көлік министрлігі ерлер тарапынан зорлық-зомбылықты азайту үшін тек бірыңғай әйелдерге арналған автобустарды жолға шығарды. Тек әйелдерге арналған автобустар алдымен ел астанасы - Коломбо қаласында жүретін болады. Бастапқыда шамамен 30 автобус пайдалануға беріледі. Ел билігі мұнымен ғана шектеліп қалмай пойыздарда тек әйелдерге арналған купелер ашпақ. Осылайша әйелдердің жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз етпекші. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Біріккен Ұлттар Ұйымы келтірген дерекке қарағанда, шри-ланкалық әйелдердің 90 пайызы қоғамдық көліктерде зорлық-зомбылыққа ұшырайтынын жасырмаған. Олардың 44%-ы ерлер тарапынан болатын зорлық-зомбылықтың отбасына, өзінің жеке өміріне залал келтіргенін жайып салған еді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)