Бруней елі шариғат заңдарын қатаң ұстанбақ
|
Бруней елі қылмыстық кодекстері шариғат талаптарына сай жүргізілетін Оңтүстік-Шығыс Азиядағы алғашқы мемлекет болмақ. Ертеңнен бастап Брунейліктер шариғат үкімдерімен жүретін болады. Бұл жайында Хассанал Балкиах сұлтан: «Мен Аллаға шын жүрегіммен сенемін, әрі Оған шүкірлігімді білдіремін. Сондықтан да, 1-мамыр күні бізде шариғат талаптары күшіне енеді. Аталмыш шешімге барлық тұрғыгдар қолдау білдіріп отыр» деп мәлімдеді.
Елде шариғат заңын жүзеге асыру ісі сатылап жүргізіледі. Алғашқы кезеңде: азаматтардың, соның ішінде мұсылман еместердің үстінен үкім шығарарда исламдық сот жүйесі жұмыс жасайды. Жұма намазына бармағандар, некесіз жүкті болғандар, өзге діндерді қаралағандар түрмеге жабылады. Екінші кезеңде: ұрлық жасағандар мен ішімдік ішкендерді лайықты түрде жазалау қарастырылып отыр. Ал, екі жылдан кейін жезөкшелік, гомосексуализм, Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарды және Құранды мазақ еткендерді өлім жазасына кесу үкімі күшіне енеді.