Британ әскері алғаш рет дрондар үйіріне қарсы радиотолқынды қаруды қолданды
Британ әскері алғаш рет дрондар үйіріне қарсы радиотолқынды қаруды қолданды
8 ай бұрын 1556 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Ints Kalnins / Reuters

Британ әскері ұшқышсыз ұшу аппараттарының үйірін жою үшін радиотолқынды қаруды алғаш рет қолданды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Ұлыбританияның қооғаныс министрлігіне жөн сілтеген Defense News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Thales UK бастаған консорциум әзірлеген қару жоғары жиіліктегі радиотолқындарды пайдаланады. Мұндай қару ұшқышсыз ұшу аппараттарының ішкі бөліктерін күйдіреді, маңызды электронды компоненттерді бүлдіреді және дронды істен шығарады», - деп айтылған хабарламада. Британдық тараптың мәлімдемесіне сенсек, радиотолқынды қарумен ұшқышсыз ұшу аппараттарының екі үйірі жойылған. Сынақ барысында жүзден аса дрон істен шыққан. Қазіргі уақытта аталмыш жобаға 53 млн доллардан аса қаражат инвестицияланған. Аталған елдің қорғаныс министрлігінің дерегінше, радиотолқынды қару әуедегі жау нысанын бір шақырым қашықтан жоя алады әрі радио-электрлі күрес жүйесі жұмыс істемейтін жерде қолдануға арналған.

0 пікір
Мұрағат