Болашақ жарына өзінің қыз екенін айтуды міндеттейтін заң күшін жойды
Болашақ жарына өзінің қыз екенін айтуды міндеттейтін заң күшін жойды
5 жыл бұрын 2196 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естімеген елде көп, Бангладеште бұдан былай қалыңдықтар болашақ жарына өзінің қыз екенін айтып жатпайды. Өйткені, бұл «процедураны» міндеттейтін заң күшін жойды. Аталмыш елдің жоғарғы соты осындвй шешім қабылдады. Бұл жайында South China Morning Post ақпарат көзі хабар таратты. Бұрын бангладештік қалыңдықтар неке сертификатында өзінің «кумар», яғни, пәктігін сақтағаны немесе жоғалтпағаны турасында, сондай-ақ, жесір немесе ажырасқан әйел екенін көрсетуі тиіс болатын. Қолданыстағы заң талабы бойынша. Қалыңдықтың пәктігіне қатысты графаны «күйеуге тимеген», яғни, «тұрмыс құрмаған» деген жол алмастыратын болды. Әйелдердің басындағы бұл шетін мәселеге қатысты заңның күшін жою 2014 жылдан бері қарастырылып келеді. Бангладеш оғарғы сотының бұл шешімі өз кезегінде әйелдер құқығын қорғауда үлкен жетістік болып саналады. Сарапшылар пікірі осындай.

0 пікір
Мұрағат