Бойдақтардан қалай сақтанады...
Бойдақтардан қалай сақтанады...
6 жыл бұрын 3255 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктері әлемдегі ең қауіпсіз елдер бойынша көш бастап тұр. Яғни, қауіпсіздігі жағынан алғашқы үштікке кірген ел. Соған қарамастан тұрғындар осы елге жұмыс іздеп келген немесе осы елден нәпақасын айырып жүрген отбасы жоқ адамдардан қауіптенеді. Олар отбасы бар өзгелерге жаман үлгі көрсетеме деп. Аталмыш елдің ішкі істер министрлігі осыған байланысты отбасылы адамдар көп тұратын аудандарда шетелдік бойдақтардың қарасын азайту бағытында нақты істі қолға алмақшы. Осы бастамаға орай қолға алынған науқанды жүзеге асыратын комитет құруды көздеп отыр. Аталған комитет құрамына демография жөніндегі кеңестің, қалалық жоспарлау кеңесінің, жер және мүлік басқармасының, адам ресурсы және әмірліктендіру министрлігінің, инфрақұрылымды дамыту министрлігінің, сондай-ақ, түрлі ұйымдар мен мекемелердің мүшелері кіреді. Бұл ұйым бойдақтықты азайту бағытында қажетті инфрақұрылым жұмыстарымен айналысып, тиісті заң талаптарын қабылдайды әрі қадағалайды. Арабтар осылайша отбасы құндылығының шайқалуының алдын алмақ. 

0 пікір
Мұрағат