BMW ЭЛЕКТРОМОБИЛДІ КӨШЕ ФОНАРЫМЕН ҚУАТТАНДЫРУДЫ ҰСЫНДЫ
BMW ЭЛЕКТРОМОБИЛДІ КӨШЕ ФОНАРЫМЕН ҚУАТТАНДЫРУДЫ ҰСЫНДЫ
10 жыл бұрын 3902

Кеңінен тараған электрмобилді тежейтін факторлардың біріне қажетті электрмен қамтамасыз ету бекеттерінің жетіспеушілігі жатады. Немістердің BMW автокөлік жасаушылары бұл түйткілді мәселені көше шамдарының жарығын пайдалану жолымен шешуге тырысуда. Егер олардың жобасы сәтті жүзеге асатын болса, жүргізуші кез келген сәтте көлігін қуаттандыра алатын болады. Яғни, Light and Charge технологиясы электрмен қамтамасыз ету бекеттерін дамытуға жұмсалатын шығында айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді әрі жүргізуші көлігін электр жарығы бар кез келген автотұраққа қойған жерінде қуаттандыра алатын болады. Engadge ақпарат ресурсының хабарына қарағанда, автокөлік жасаушылар Мюнхен қаласындағы  BMW компаниясының штаб-пәтерінің жанында Light and Charge технологиясы қолданылған алғашқы байқау фонарын іске қосады. «Біз болашақта аккумуляторды ұдайы қуаттандыру мүмкіндігін тудыруымыз керек»,- деді аталмыш компания директорлар кеңесінің бір мүшесі. 

0 пікір
Мұрағат