Bloomberg: 2019 жылы Қытайда аса ауыр дефолт болады
Bloomberg: 2019 жылы Қытайда аса ауыр дефолт болады
6 жыл бұрын 3128 arhar.kz

2019 жылы Қытай өз тарихындағы ең үлкен дефолтты бастан кешірмек. Оның шығыны шамамен 13 трлн доллар болуы мүмкін. Bloomberg сарапшыларының мәліметінше, 2019 жылы басталысымен Қытайдың бірқатар алпауыт компаниялары дефолт жариялап үлгерді. Олр 5,8 млрд доллар шығынға ұшыраған. Бұл өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 3,5 есе көп.

Қытай компанияларының дағдарысқа ұшырап, құрдымға кетіп жатқанына мемлекеттік саясат кінәлі. Мемлекет банктерді қысымға алып, кіші бизнес өкілдеріне несие беруге мәжбүрлеуде. Нәтижесінде нарықта бақылау азайып, қайтарым төмендеп кеткен. Ірі компаниялар қаржы алудан қалған. 2019 жылы Қытай нарығындағы аса ірі компаниялар дефолтқа ұшырады. Олардың арасында Neoglory Holding Group ірі құрылыс компаниясы,  Shandong SNTON Group, China Minsheng Investment Group Corp., Citic Guoan Group Co. и Goocoo Investment Co компаниялары бар. 2017 жылы басталған бұл дефолттық үрдіс, 2019 жылы Қытайды үлкен дағдарысқа әкеледі дейді Bloomberg сарапшылары.

0 пікір
Мұрағат