Биыл технологиялық өнімдерді тұтыну шығыны 1,69 трлн долларға жетті
Биыл технологиялық өнімдерді тұтыну шығыны 1,69 трлн долларға жетті
5 жыл бұрын 2593 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ақпараттық технология саласындағы тауарлар мен қызметтерді тұтыну шығыны әлем бойынша 2019−2023 жылдар аралығында жылына орташа жылдамдықпен 5,1%-ға артады. Бұл дерек IDC зерттеу компаниясының есебінде келтірілген. IDC болжамы бойынша биылдың өзінде ақпараттық технология саласындағы тұтынушылық шығын 1,69 трлн долларға жетеді. Яғни, биылғы көрсеткіш өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5,3%-ға артқан. Шамамен алғанда тұтыну шығынының төрттен үші қалта телефоны, ұялы байланыс және персоналды есептеу құрылғысы секілді қызметтерге тиесілі. Алдағы төрт жыл ішінде мұндай технологияларға жұмсалатын шығын жылына орташа есеппен 2,2%-ға артпақ. Көп ұзамай қосымша әрі виртуалды шындық гарнитурасы, жүргізушісіз басқарылатын құрылғылар, «ақылды үй» қондырғылар, адам өзімен бірге тағып алып жүретін құрылғылар секілді жаңа технологиялық өнімдерге тұтынушылық шығын артады. 2023 жылы мұндай технологияларға жұмсалатын шығын барлық шығындардың үштен бірін құрайтын болады. IDC сарапшыларының жорамалдауынша, коммуникация және ойын-сауық технологияларына сұраныс артпаса, кемімейді. Байланысқа, музыкалық және видео сервиске, видео ойынға жұмсалатын шығын аталған мерзімде барлық тұтыну шығынының шамамен 70%-ын құрайтын болады. Бұдан бөлек, виртуалды шындық пен тұрмыстық құрылғыларды автоматтандыру технологиясы да алдыңғы позицияда болмақ.

0 пікір
Мұрағат