Биыл Ресей үш елді басып алуы мүмкін
|
Биыл, 2018 жылы Ресей Балтық жағалауы елдерін, атап айтқанда, бұрын КСРО құрамында болған Литва, Латвия және Эстонияны басып алуы әбден мүмкін. Әбден мүмкін дейтініміз, бұл жайында әлемдік, әсіресе, батыс ақпарат құралдары жарыса жазып жатыр әрі солтүстік әскери альянсқа мүше мемлекеттер мен АҚШ билігі Ресейдің Балтық жағалауы елдеріне агрессиясын жоққа шығармайды. Бұл жайында The National Interest ақпарат көзі хабар таратты. Аталған ақпарат көзі RAND Corporation-ның сандық мәліметтеріне сілтеме жасай отырып, аталған шағын үш елді жаулап алу Ресейге ауыр салмақ салмайды, дәлірегі, 845 мың сарбазбен-ақ үш елді басып ала алатынын да жазыпты. Сол себепті, әскери мамандар мен стратегтер Балтық жағалауы елдерінің ашық майданда қарсы тұрып, тойтарыс бере алмайтынын айтып, партизандық тәсілге көшуге кеңес беруде. Алайда, Балтық жағалауы елдерінің партизандық соғыстан да қандай да бір елеулі нәтиже шығара алмауы ықтимал. Өйткені, бұл елдердегі орыс тілділер контр-пратизан жасағын құрып, орыс әскеріне болыспақ. Қоғамдық-саяси зерттеу орталығының директоры Владимир Евсеев те The National Interest жасаған болжаммен келісіп отыр. Ресей үшін ең қауіпті елдерге ең алдымен Балтық жағалауы елдері жатады. Өйткені, НАТО-ның құрамындағы бұл елдер Ресейдің іргесінде орналасқан. Ресей өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алдымен Балтық елдеріне шүйлігетіні сөзсіз.