Биыл халық санының өсуін заңмен тежейді
Биыл халық санының өсуін заңмен тежейді
6 жыл бұрын 2370 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2019 жылы Мысыр парламенті елдегі туу көрсеткішін кемітуге бағытталған заң жобасын қарастыратын болады. Пирамидалар елінің қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік жетекшісі Қамал Әмір тиісті құжатты әзірлеп жатыр. Аталмыш заң жобасында демографиялық шектеу мен тыйымдар ғана қарастырылмаған, сонымен қатар, екі баладан асырмаған отбасыларын қолдау қарастырылуда. Сөз орайы келгенде айта кету керек, бұрын да бір хабарлағанымыздай, Мысыр халық санының көбеюінен зардап шегіп отырған ел. Тіпті, ұлт қауіпсіздігіне қатер төндірген проблема ретінде қарастыруда. Демографиялық ахуалды. Биыл мысырлықтар қарасы 100 млн адамнан асып жығылмақ. Демографтардың есебі бойынша. Осынша халықты асырау, жұмыс тауып беру, әлеуметтік қамсыздандыру онсыз да қабырғасы қайысқан ел экономикасын тұралатып кететін түрі бар. 

0 пікір
Мұрағат