Биыл аштықпен күрес қанша қаржыны қажет етеді
Биыл аштықпен күрес қанша қаржыны қажет етеді
7 жыл бұрын 2940 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымының сарапшылары биыл аштықпен күресуге қанша қаражат кететінін есептеді. Олардың есебі бойынша 1,06 млрд доллар. Дағдарыстан қатты зардап шеккен әлемнің 26 еліне көмек көрсетілуі тиіс. Олардың қатарында соғыс жүріп жатқан Йемен, Конго демократиялық республикасы, Оңтүстік Судан, Сирия және Сомали, т.б, елдер бар. Нақтырақ айтқанда, биыл әлемдегі аштықпен күресуге БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы  1,06 млрд доллар сұрап отыр. Айта кетейік, гуманитарлық көмек ең алдымен күнкөріс көзі ауыл шаруашылығымен байланысты елдерге көрсетіледі. Аталмыш ұйым ашыққандарға тек азық-түлік жеткізіп қоймай, фермерлерге тұқымдық пен ауыл шаруашылық техникалары түрінде де жәрдем береді әрі жер және су ресурстарын тиімді пайдалану тақырыбында дәрістер өткізеді. БҰҰ дерегіне қарағанда, бүгінгі таңда әлемде 815 млн адам тойып тамақ ішпей, ашқұрсақ өмір сүруде.

0 пікір
Мұрағат