Бірнеше ондаған млн бала климат босқынына айналған
Бірнеше ондаған млн бала климат босқынына айналған
1 жыл бұрын 960 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Mohamad Torokman / Reuters

Күллі әлем бойынша өрт, тасқын-сел, дүлей дауыл, зілзала секілді табиғи апаттардың жиі қайталануына байланысты адамзаттың едәуір бөлігі климат босқынына айналды. Климат босқындарының 43,1 млн-ы – балалар. Бұл жайында islam.kz порталы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (UNICEF) дайындаған баяндамасына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш ұйымның келтірген дерегіне қарағанда, таяу 30 жылда бұл бағыттағы көрсеткіш үш есеге артады – табиғи апаттарға байланысты 113 млн бала босқын атануы мүмкін. Өйткені, жаһандық жылыну мен климат дағдарысынан әлемнің барлық түкпірінде климат босқандарының қарасы артады. 43 млн баланың жартысына жуығы дүлей дауылдың кесірінен босқын атанған, ал тағы 19 млн-ы Үндістан мен Қытайдағы алапат тасқын-селден бас сауғалаған. Сондай-ақ, АҚШ пен Канададағы орман өртінен 810 мың бала үй-жайын тастап кетуге мәжбүр болған.

0 пікір
Мұрағат