«Біреу өлмей – біреуге күн жоқ»
«Біреу өлмей – біреуге күн жоқ»
4 жыл бұрын 4042 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Австралия билігі тұтас құрлықты шарпыған өртке қайран қылғанымен, қайрат таныта алмай отыр. Биыл жаһандық жылынудың салдарынан жердің өкпесі саналатын Амазонканың ну жынысы мен Сібір орманы, оңтүстік-шығыс Азия (Индонезия ну жынысы) отқа оранды. Одан қалды Австралия өрт құшағында жанталасып жатыр. Шығыс қисапсыз. Онсыз да оңып тұрғаны шамалы қоршаған ортаға келген залалы «ақырзаманды» қолдан жақындатып отыр. Басқасын айтпағанда, Австралиядағы өрттен 600 млн-ға тарта жабайы жануар жанып кеткен. Бұдан бөлек, жабайы жануарлар популяциясы қалпына келтірілуі тиіс тіршілік ету ортасы жойылды. Бұл – орны толуы неғайбыл, зардабы бірнеше ғасырға созылатын залал. Сасқан үйрек артымен сүңгидің керін келтірген Австралия билігі, сенесіз бе, ел аумағындағы түйелердің көзін жоймақшы. Суды көп тұтынатыны үшін. Өрт сөндіруге қажетті суды түйелер ішіп құртатын болды деген желеумен. Ойсыл қара тұқымын жою науқаны қаңтар айының 8-і күні, яғни, бүгін басталады. 600 млн-ға тарта жануар қырылған елде тағы қанды қасап орын алады. Естеріңізде болса, осыдан екі ай бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарық көрген  «Арабтар өздерінде сыйғыза алмай жатқан құмды және түйені Австралиядан импорттайды. Неге?» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/arabtar-ozderinde-syigyza-almai-jatqan-qumdy-jane-tuieni-avstraliyadan-importtaidy-nege-12606/#gsc.tab=0) материалымызда айтып өткеніміздей, аталға ел аумағындағы түйелер қарасы 750 мың басқа дейін көбейіп кеткен болатын. Бұл елдің аумағындағы түйелер қарасы әр он жыл сайын екі есеге дейін көбейіп отырады екен. Anangu Pitjantjatjara Yankunytjatjara әкімшілігінің басқарма мүшесі Марита Бейкердің айтуынша, төрт түліктің төресі атанған жануардың «айыбы» мұнымен ғана шектеліп қалмайды. Олар аптап ыстықтан сая табу үшін орнатылатын желдеткіштерді, өзге де инфрақұрылымды қиратып кететін көрінеді. Ол ол ма, бір ғана аша тұяқты жануар жылына бір тоннаға жуық көмірқышқыл газын бөледі. Австралия аумағындағы аталмыш науқан артық-кемі жоқ бес күнге созылады. Бұл жайында The Hill ақпарат көзі хабар таратты. Австралиядағы өрт 2019 жылдың қазан айынан бері жолындағысын жалмап-жұқтап келеді. Алты млн-ға тарта гектар орман өртеніп кеткен.

facebook әлеуметтік желісіндегі Ерлан Матаевтың парақшасында мынадай дерек келтірілген екен: Австралиядағы өрттен жануарлардың ішіндегі ең зардап шегіп жатқан жануар ол - коалалар екен. Себебі, олар жай қимылдайды және қызыл жалыннан қашып үлгермейді. Және бұл жануарлар эвкалиптермен тамақтанады. Ал, ол тез жанғыш өсімдіктер қатарына жатады екен. Осы уақыт аралығында 8 мың коала жойылып кеткен...

 Австралиядағы өрт: 500 миллион жануар өлді (видео)

Австралиядағы өрт: 500 миллион жануар өлді (видео)

Австралиядағы өрт: 500 миллион жануар өлді (видео)

0 пікір
Мұрағат