Бірден сүйекпен «бітісіп» кететін аяқ протезі жасалды
Бірден сүйекпен «бітісіп» кететін аяқ протезі жасалды
10 жыл бұрын 7179

Аяғынан айырылғандарға арналған біз білетін жасанды протез қозғалған кезде қолайсыздығымен әрі жанға бататындығымен белгілі. Бәрібір еркін қимылдауға мүмкіндік бермейді. Осы мәселені шешу үшін ғалымдар кибернетикалық тәсілге жүгінуге мәжбүр болды. Лондон шаһарының ғалымдары шолақ аяққа киілетін кәдімгі протезге қарағанда әлдеқайда қолайлы әрі жанға жайлы жасанды аяқ ойлап тапты. Бұл протездің артықшылығы да, айырмашылығы да сүйекпен «бітісіп» кететіндігінде. Яғни, бірден сүйекке жалғанады да терімен қапталады. Тура мағынасында сүйекпен тікелей «байланысатын» пртотез арқылы аяқтың сезімталдығы да артады. Мұндай протез орнатылған адам оны өле-өлгенше алып жүреді. Киіп, шешіп жатудың қажеті болмайды. Яғни, тәніңіздің бір бөлігіне айналады. Алғашқылардың бірі болып өз еркімен осынау жасанды аяқты салдырған Марк О’Лири осынау жаңа технологияны ойлап тапқан ғалымдарға шексіз алғысын білдірді. Мұны, мәселен, қарадүрсін тілмен айтқанда  бұғының мүйізімен салыстыруға болады. Мүйіз сүйек емес, алайда, бұғы денесінің бір бөлшегі болып табылады. Ең бастысы, еркін жүріп-тұруға, аяғы бар адамдар секілді секіріп, тіпті, жүгіруге де болады. Десе де, ғалымдар оны әлі де жетілдіру керек деп есептейді.

0 пікір
Мұрағат