Қытайда адамның жүзін танитын төлем картасы жасалды
Қытайда адамның жүзін танитын төлем картасы жасалды
10 жыл бұрын 3573

Қытайдың ғылым академиясы адамның жүзін дәл танитын төлем картасын жасады. Тұлғаның ерекшелігі түгел ескерілген. Бұл жүйе әлемдегі ең үлкен азиялық тұлғалардың мәліметтер базасына ие көрінеді. Яғни, 50 млн-нан аса жазба бар. Мәліметтер базасы шетелдік жоғары оқу орындарының көмегімен жасалды. Зерттеушілердің сөзіне қарағанда, аталмыш жүйе мәліметтер жинаудың өзгеше технологиясына бай. Осынау жүйе Карнеги-Меллон университеті белгілеген 99,8 пайыз халықаралық стандартқа барынша жақын. Осылайша зерттеушілер бұл салада рекорд орнатып, 97,6 пайызға қол жеткізген. Адамның жүзін тану технологиясы түрлі салада қолданылады. Шекаралық бақылау қондырғысында, жұмыс уақытысында кіру және есепке алу қондырғысында кездеседі. Жаңа жүйенің артықшылығын пайдаланғыңыз келсе, өзіңіздің мобильді құрылғыңызға арнайы қосымшаны орнатып, оған банктегі есепшотыңызды немесе картаңызды енгізіңіз. Бұл жүйе бір секундтың ішінде, яғни, қас қағым сәтте адамның жүзін таниды. Жүзді танудың шынайылығын арнайы алгоритм қамтамасыз етеді. Яғни, жүйені сурет көрсетіп немесе нақты адамның бейне жазбадағы түрін көрсетіп, алдай алмайсыз. Бұған қоса, автоматты түрде адамның бойындағы өзгерістерді қадағалап отырады. Мәселен, шашыңыз түссе немесе ағарса, сақал жіберіп, мұрт қойсаңыз, қартайсаңыз жүйеде бұл құбылыстың бәрі тіркеледі. 

0 пікір
Мұрағат